Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Тыныс» АҚ - 60 жыл

«Тыныс» АҚ құрылғанына – 60 жыл. Ол Ақмола облысындағы ең ірі кәсәпорын болып табылады. Іргетасы 1959 жылы қаланған КСРО авиөнеркәсіп министрлігіне  қарасты оттегі-тыныс алу аппараттары зауыты ондаған жылдар бойы әскери- техникалық мақсаттағы өнімдерді шығарып келді. Қазір «Тыныс»  ақ «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ құрамында Қазақстанның машина жасау саласын дамытуға өз үлесін косуда.

Зауыттың техникалық мүмкіндіктері мен қызметкерлердің әлеуеті нарықтың сұранысына қарай қызметтің жаңа түрлерін игеруге жағдай жасауда. Кәсіпорын өндірістік қуатын арттырып, шығаратын өнімдердің көлемін кеңейту үстінде.  

Соңғы жылдары құю өндірісін игеру мен тоқылмаған материалды шығару сияқты ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асырды. Мұнай-газ компанияларынан ылғал өткізбейтін, серпімді тоқылмаған материалдарға тапсырыстар түсуде. 

Зауыт Қазақстанда алғаш рет полиэтилен құбырларын шығаратын автоматты желіні іске қосты. Оның ашылу салтанатына Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаев қатысқан болатын. Жобаның мақсаты халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады.   

Зауыттың басты бағыты авиацияға арнап жабдықтар шығару болып қала бермек. Оның  50%  астам өнімі экспортқа шығарылады. Зауыт өнімінің негізгі тұтынушылары Ресей мен Беоарусь авиакәсіпорындары.  

Зауыт бронды куедешелер шығаруды қолға алып, 80-нен астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.  Технологиялар трансферті аясында жұмысшылар қайта даярлаудан өтіп, жаңа мамандықты үйренді.  

Қысқы және жазғы үлгіде шлемофондарды да шығару жолға қойылған. Бұл экипаж мүшелерінің бір-бірімен өзара хабар алмасуы үшін өте ыңғайлы.   

«Тыныс» сондай-ақ  «Қазақстан темір жолымен» тығыз өндірістік байланыста. Темір жолға қажетті 30-дан астам жаңа бөлшектер мен тетіктерді, оның ішінде 18-9996  үлгідегі (қытай вагондары үшін) тележкаға арналған фрикциондық сыналарды шығаруды игрерді. Бұдан бөлек, зауыт дәстүрлі оттегі-тыныс алу аппараттарын шығарып келеді.

Қазір мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнап арбалар шығару жоспарда бар. Ол үшін ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен меморандумға қол қойылды.         

«Тыныс» АҚ ұжымы болашаққа сеніммен қарайды және ішкі-сыртқы нарықтағы орнын барынша кеңейтпек ниетте. Кәсіпорыннң стратегиясы жаңа бағыттар мен инвестициялық жобаларды игеруге бағытталаған, ол өз кезегінде өндірісті жаңғытруға, өнімдерді молайтуға мүмкіндік береді», - дейді зауыттың бас директоры  Қайрат Қалманбаев.


«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі

Кері қайту