Екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясында 2019 жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасы Қуаныш Бишімов пен «КАМАЗ» ЖАҚ бас директоры Сергей Когогиннің кездесуі болды. Кездесу барысында тараптар «КАМАЗ» техникаларына арналған жабдықтарды өндіруге қазақстандық «ПЗТМ» АҚ зауытының қатысу мәселесін талқылады.
Қазір зауытта «ПЗТМ» АҚ өндірісін технологиялық жаңғырту» инвестициялық жобасының аяқталуға жақын. Оның негізгі мақсаты DMG MORI, HYUNDAI сияқты өндірушілерден (металл кесетін, гальваникалық, дәнекерлеуші және т.б.) заманауи құралдарды сатып алып, орнату болып табылады. Аталған құрал-жабдықтар салыстырмалы түрде өзіндік құны төмен және сапалы өнімдерді шығаруға, КАМАЗ автомобильдерінің бөлшектерін өндіруді игеруге мүмкіндік береді.
Кездесуге еншілес кәсіпорындардың басшылары: «ПЗТМ» АҚ бас директоры Вадим Шакшакбаев пен «КАМАЗ-Инжиринг» АҚ басшысы Сергей Кистин де қатысты.
Кездесуде тараптар осы салада бірлесіп жұмыс жасауға уағдаласты және «КАМАЗ» ЖАҚ Ресей нарығы үшін мұнай-газ құбырларын бірлесіп шығаруға қызығушылық танытты. Жақын арада «КАМАЗ» ЖАҚ мамандары зауыттың мүмкіндіктерімен танысу үшін «ПЗТМ» АҚ баратын болып келісті.
Анықтама: 2005 жылыдың 2 маусымында Кокшетауда КАМАЗ шассиі негізінде жүк машиналары мен арнайы техникаларды жинайтын қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорын - «КАМАЗ-Инжиниринг» құрылды. Сол жылы конвейерден алғашқы сериялық автомобиль шықты. Зауыттың барлық өнімі еліміздің ішкі нарығы үшін шығарылады. Өнімнің сапасы мен қызмет көрсету ауқымы жыл сайын артып келеді. Бүгінде «КАМАЗ-Инжиниринг» Қазақстандағы техникалық тұрғыдан барынша жарақтандырылған кәсіпорын болып табылады.
«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі