Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
«Қазақстан ижиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындары өз өнімдерін «АРМИЯ-2019» форумында паш етті

Бұл күндері Мәскеу облысында «Қазақстан ижиниринг» ҰК» АҚ кәсіпорындарының қатысуымен «АРМИЯ-2019» халықаралық әскери-техникалық форумы өтуде.

Форумға қатысудағы негізгі мақсат Компанияның еншілес кәсіпорындарының әскери және қосалқы мақсаттағы өнімдерін экспортқа шығару үшін паш ету, жаңа технологиялар мен инвестициялар тарту аясында бірлескен жобалар жасау үшін келіссөздер жүргізу, халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады.

«Қазақстан Аселсан Инжиниринг» көрмеге оптикалық-электронды аспаптарды, артиллерияға арналған ықшам бағдарламалық-техникалық кешендерді, Т-72 танкісінен оқ атуды басқару жүйесін және тағы басқа техникаларды қойды.

«Тыныс» АҚ зауыты жеке қорғаныс құралдары мен авиация өнеркәсібіне арналған жабдықтау бөлшектерін ұсынды.

«Семей инжиниринг» жетілдірілген бронды техникаларды, атап айтқанда  Т-72, БТР-70, БМП-1,2 сияқты әскери техникаларын көрсетті. Петропавл ауыр машина жасау зауыты болса Құрлықтағы әскерлерге арналған дүркіндетіп ату ракеталық жүйесін алып келді.

Отандық қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары форумға  осымен төртінше рет қатысып, әкспорттық әлеуеті бар әскери техника мен қару-жарақтарды көпшілік назарына ұсынып отыр. Форум барысында қазақстандық делегацияның  шетелдік әріптестерімен бірқатар келіссөздері жоспарланған.

Халықаралық әскери-техникалық «Армия-2019» форумы өз жұмысын 30 маусымда аяқтайды.

«Қазақстан ижиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту