Семей машина жасау зауыты («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны) дезинфекциялық кешендер шығаруға кірісті.
Семей қаласы төтенше жағдай жөніндегі жедел штаб төрағасы Е.Сәлімовтің өтініші бойынша кәсіпорын өз қызметкерлерінің күшімен дезинфекциялық кешеннің алғашқы партиясын жасап шығарды.
Дезинфекциялық кешен - бұл металдан және поликарбонаттан жасалған тоннель, онда жоғары қысымда дезинфекциялық ерітінді шашатын, бүріккіші бар сорғы станциясы орнатылған. Механизмді қозғалысты сезгіш сенсор іске қосады.
Дезинфекциялау тоннелінің бірінші данасы Семей қаласына тарту ретінде беріліп, халық көп жиналатын орындарға орнатылмақшы.
Қазір облыс және басқа да аймақтар тұрғындарының денсаулығын сақтау мақсатында оларды әрі қарай дезинфекциялық тоннельдермен жабдықтау үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен келіссөздер жүргізілуде.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі