Осы күндері қазақстандықтардың жүрегі Арыс тұрғындарымен бірге соғып тұр. Еліміздің түкпір-түкпірінен азаматтар, ұйымдар мен кәсіпорындар зардап шеккендерге жәрдем қолын созуда.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері де (еншілес және тәуелді ұйымдарымен бірге барлығы 5 мыңнан астам адам) өздерінің бір күндік табыстарын Арыста зардап шеккендерге көмек ретінде арнайы қорға аударды.
Компания ұжымы қайтыс болғанда азаматтардың отбастарына көңіл айта отырып, Арыс қаласының тезірек қалпына келуіне тілектестік білдіреді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі