Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«НҰР-СҰЛТАН» кемесі қолданысқа берілді

2019 жылғы 25 сәуірде  Орал қаласында «Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ қарасты  «Зенит» зауыты» жасап шығарған «НҰР-СҰЛТАН» кемесін салтанатты түрде суға түсіру рәсімі болып өтті. Аталған кәсіпорынның отызыншы өнімі  ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  Шекара әскерлеріне арнап  жасалған.

Тапсырыс берушінің өтініші бойынша кемеге заманауи қару-жарақтар орнатылып, оны  әскери қолдану тиімділігі арта түскен. Кеме теңізде жүзу бойынша келесі сипаттамаларға ие: қолданылу аясы кең, оңай басқарылады, орнықтылық дәрежесі талапқа сай, жүзу жылдамдығы жоғары, эргономикасы ыңғайлы және қажетті  дербестікке ие.

Корабль Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасының аумақтық суларын және құрлықтық қайраңын күзету; заңсыз кемелердің жүруін, контрабандалық операцияларды, қарақшылық және заңсыз балық аулауды тойтару мақсатында торуылдау, өз бетінше және басқа да кемелер, катерлер және авиациямен бірге заң бұзушы кемелерді ұстау және тексеріп қарау сияқты мақсаттарға арналған.

Суға түсірілген кеме Жайық өзені арқылы Каспийге жеткізіліп, содан соң зауыттық  және тағы да басқа тиісті сынақтан өтеді. Бұл күштік құрылымдарды қазіргі заманғы отандық қару-жарақтармен қамтамасыз етудегі кезекті қадам болып табылады. Қазақстанда шығарылған кемелер мен катерлер ҚР Әскери-теңіз күштерінде де, Шекара әскерлері сапында да өздерінің тиімділігін көрсетіп келеді. 

Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С. Көлгінов,

ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі мен «Қазақстан инжиниринг» АҚ басшылығы, Қарулы Күштер ардагерлері,  «Зенит» зауыты» ұжымы және «НҰР-СҰЛТАН» кемесі экипажының жеке құрамы қатысты.

http://mdai.gov.kz/kk/news/nur-sultan-kemesi-koldanyska-berildi

Кері қайту