Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Әділбек Сәрсембаев «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

«Қазақстан инжиниринг» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Сәрсембаев Әділбек Зейноллаұлы Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Қ.Бишимов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. 

Ә.Сәрсембаев 1978 жылы 25 тамызда Целиноград қаласында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік заң академиясын «заңгер», С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетін «экономист-менеджер», Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылдан бастап салық инспекторы, бөлім бастығы, Астана қаласы «Континент» мамандандырылған құқықтық консалтингі және кәсіпкерлер бастамасы» ЖШС президенті, «Астана қаласының даму бағдарламаларын әкімшілендіру басқармасы» ММ бас маманы болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып тағайындалды.

2007-09 жж. - Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2009-10 жж. - «МТМ-агросервис» ЖШС бас директоры.

2010-14 жж. - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарушы директоры, вице-президенті, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2015 жылдан бастап «Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2016 жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту