Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қорғаныс кәсіпорындарының даму мәселелері талқыланды

«Қазақстан инжиниринг» АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Сарсембаев Компанияның бірқатар еншілес компанияларында: «ПЗТМ» АҚ, «Киров зауыты» АҚ, «Мұнаймаш» АҚ, «Зиксто» АҚ, «Тыныс» АҚ және  «Камаз- инжиниринг» АҚ-да жұмыс сапарымен болды.

Еншілес ұйымдардың басшылары ағымдағы жағдай жайлы, проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.

Басқарма төрағасы технологиялық қайта жарақтандыру, өндіріс қуаты мен экспорттық әлеуетті арттырудың қажеттілігіне назар аударды, сондай-ақ мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау мерзімдерін қатаң сақтауды және азаматтық сегментті дамыту жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар, жұмыс сапары барысында Ә.Сәрсембаев Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының басшылығымен кездесті, онда қорғаныс кәсіпорындарын дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту