Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды

«Армия-2020» халықаралық әскери-техникалық форумы аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әділбек Сәрсембаев Ресей Федерациясының Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Олег Рязанцевпен кездесті.

Кездесу барысында өнімдерді бірлесіп өндіру, жөндеу және модернизациялау бойынша жобалар сәтті жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде азаматтық өнімдер саласындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және кеңейтуге мүдделілік танытты.

Естеріңізге сала кетейік, қазір «Армия-2020» халықаралық әскери-техникалық форумы Мәскеу облысында өтіп жатыр, оған «Қазақстан инжиниринг» ҰК «АҚ кәсіпорындары қатысуда. Форум үстіміздегі жылдың 29 тамызында аяқталады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту