Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
«Армия-2020» форумында жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден асатын келісімшарттар жасалды

«Армия-2020» халықаралық әскери-техникалық форумына Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Талғат Жанжүменов бастаған қазақстандық делегация қатысты. Делегация құрамында «Қазақстан инжиниринг» ҰК Басқарма төрағасы Әділбек Сәрсембаев және қорғаныс кәсіпорындарының басшылары болды.

Форум шеңберінде бірқатар келіссөздер мен кездесулер өткізілді, онда өзара ынтымақтастық, инвестициялар мен заманауи технологияларды тарту аясында бірлескен жобалар құру, жалпы халықаралық әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Форум қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары қос мақсаттағы өнімді импорттау мен экспорттау, оны құрастыру, сондай-ақ өнімді күрделі жөндеу және қызмет көрсету құзыретін беру жөнінде жалпы сомасы 6 млрд. теңгеден астам келісімшарттарға қол қойды.

Атап айтқанда,  «Тыныс» зауыты «Авиахелп» АҚ және «НАРП» АҚ-мен авиациялық бөлшектерді сатып алу туралы келісімшарттар жасасты. КА-226 тікұшақтары үшін бөлшектерді жеткізуді ұлғайту туралы келісімдер жасалды.  «Қазан тікұшақ зауыты»  AНСАТ типті тікұшақтың жылу жүйесін жасауға «Тыныстың» қатысуын растады.

«МиГ» корпорациясы Қазақстан Республикасында «MиГ» ұшақтарын күрделі жөндеу кезінде агрегаттар мен тораптарды оқшаулау мақсатында «Тыныс» АҚ-на жобалық құжаттаманы ұсынуға дайын.

Үндістан мен Иран «Тыныс» зауыты шығаратын авиациялық бөлшектерді алуға қызығушылық танытты.

«Семей инжиниринг» Ресейдің танк алыбы - «Уралвагонзавод» АҚ-мен келісімшарт жасасты. Сондай-ақ, екі жақ T-72B танкін жетілдіруде оны T-72B3 деңгейіне дейіне жеткізу жобасы бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

«Швабе» АҚ-мен бронды машиналар оптикасына қызмет көрсететін Сервис орталығын құруға қатысты мәселелер талқыланды.

Индустрия 4.0 элементтерін цифрландыру аясында ГРАФИТ бағдарламалық-аппараттық кешенін «Семей инжиниринг» АҚ жөндеу өндірісін басқаруды автоматтандыру үшін бейімдеу бойынша техникалық тапсырмаға «Проект-Техника» АҚ-мен қол қойылды. Бұл ТМД елдерінің әскери-өндірістік кешенінде баламасы жоқ бірегей жоба.

«Семей инжиниринг» АҚ және «Жоғары дәлдіктегі кешендер» АҚ «Бережок» жауынгерлік бөлімімен жаңартылған БМП-2-і ҚР Қорғаныс министрлігінде бекіту үшін демонстрациялық сынақтар бағдарламасына қол қойды.

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ «Рособоронэкспорт» арасында өнімдерді қайта жаңғырту бойынша 2021-2022 жылдарға арналған келісімшарт жасалды.

Сондай-ақ, «Қазақстандық авиация индустриясы» ЖШС мен «558 АРЗ» АҚ арасында Су-25 ұшағын жөндеу туралы келісімшартына қосымша келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Гидроприбор» АҚ, «Семей машина жасау зауыты» АҚ өкілдері ықтимал тапсырыс берушілермен келіссөздер жүргізіп, бірлескен перспективалық жобаларды талқылады.

Кері қайту