Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Zik computers жеткізу басталды

2020 жылдың 28 тамызынан бастап Үкімет пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының аудандарына ZIK computers жеткізу басталды. 470 компьютерден тұратын бірінші партия Бескөл ауылы мен Петропавл мектебіне жіберілді. Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін зауыт жасалған шарттарға сәйкес 2000-ға жуық компьютер жеткізеді.

Zik отандық компьютерлерін әзірлеу кезінде ҚР БҒМ-нің талаптары ғана емес, сонымен қатар осы жылдың қыркүйек айынан бастап балалармен онлайн режимінде оқытатын немесе оқитын мұғалімдер мен ата-аналар да ескерілді.

Zik PC-01 Work моделі Full HD ажыратымдылығымен жабдықталған, ол жоғары ажыратымдылықтағы суреттерді ойнатуға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, қазақстандық оқушылар егжей-тегжейлі суретті көре алады, ал бұл өз кезегінде сабақ тақырыбына деген қызығушылықты арттырады. Монитордың өлшемі 23,8 дюйм балалардың көру проблемаларын ушықтырмас үшін ҚР БҒМ талабы бойынша арнайы таңдалған.

DDR4 8GB жедел жады бейнені көруге, бір уақытта бірнеше бағдарламаны пайдалануға және сабақ кезінде ондаған ашық қойындылары бар шолғышты іске қосуға мүмкіндік береді. 4-ші ядролық Intel Core i3-9100 9-буын процессоры сабақ жүргізу үшін құрылғының сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, құлаққаптар, веб-камера және Wi-Fi маршрутизаторы бар.

Кері қайту