2020 жылғы 10 қыркүйекте "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ – да Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Әскери атташесі-Хумаид Саид Хамад Альнуамимен кездесу өтті.
Кездесуде компанияның және оның еншілес кәсіпорындарының қосарлы мақсаттағы өнімдер өндірісі бойынша мүмкіндіктері туралы презентация ұсынылды. Сондай-ақ, екіжақты әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері мен даму перспективалары талқыланды.
Тараптар осы саладағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету мен кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында БАӘ қорғаныс-өнеркәсіптік компаниялары келесі жылы Қазақстан астанасында өтетін KADEX Халықаралық қару-жарақ және технологиялар көрмесіне шақырылды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі