2020 жылғы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары пандемия жағдайында өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарын өндіруін ұйымдастырған «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнында болды.
Кәсіпорын электрондық өнімдерді жобалайтын, әзірлейтін, өндіретін, біріктіретін және қолдауды қамтамасыз ететін жоғары технологиялық, көп салалы болып табылады.
Кәсіпорында түнгі көру құрылғылары, күндізгі көздеуіштер шығарылады.
«Covid-19» коронавирустық инфекциямен күресу мақсатында кәсіпорын базасында ӨЖЖ өндірісі ұйымдастырылды.
ӨЖЖ аппараттары емдеу мекемелеріндегі реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріндегі ересектер мен балалардың өкпелерін ұзақ уақыт желдетуге арналған.
ӨЖЖ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарына сәйкес келеді, Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы инфекциялық орталықта сәтті сынақтан өтті.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары кәсіпорынның өндірістік қуаттарының жоғары дәрежесін және инженерлік-техникалық персоналдың даярлығын атап өтті.
Сонымен қатар, халық қалаулылары осы ӨЖЖ аппараттарын пайдалануда медицина қызметкерлерін оқыту қажеттілігін атап өтті.