Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Ерекше қажеттіліктері бар 1300-ден астам қазақстандық электрлі мүгедектер арбасын алады

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны «Тыныс» АҚ ересектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған электрлі арбалар шығарады.

2020 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында 1381 дана осындай мүгедектер арбасын шығару жоспарлануда.

Қазақстанның барлық аймақтарына, соның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға ересектерге арналған 1 322 және балаларға арналған 59 электрлі арба жеткізіледі, бұл мүгедектердің өз бетінше жүріп-тұруына және араласуына мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 12 қазанындағы жағдай бойынша. «Тыныс» АҚ ұжымы қазірдің өзінде еліміздің 8 өңіріндегі тұтынушыларға 437 арбаны жөнелтті. Ағымдағы жылдың соңына дейін компания тұтынушыларға тағы 944 электр арбасын жеткізуді жоспарлап отыр. Тауар өндірісіндегі қазақстандық қамту үлесі 75 пайызды құрайтынын ерекше атап өткіміз келеді.

Кері қайту