Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Корея Республикасының әскери атташесімен кездесті

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ шетел елдердің әскери-дипломатиялық корпус өкілдерімен іскерлік кездесулер өткізуді жалғастыруда. Корея Республикасы Елшілігінің әскери атташесі Сон Дэгук жұмыс сапарымен келді.

Кездесу барысында тараптар Оңтүстік Кореяның қорғаныс-өндірістік кешенімен әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар, радиоэлектроника, smart технологиялар, электронды өнеркәсіп, сондай-ақ, біздің кәсіпорындардағы технологиялық жабдықтарды жаңарту саласындағы, азаматтық өнімдерді шығару саласындағы әлеуетті ынтымақтастыққа қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Кері қайту