Қазақстанның өңірлеріне электр жетегі бар 1300-ден астам мүгедектер арбасын жеткізуге мемлекеттік тапсырысты "Тыныс" АҚ еншілес компаниясы толық көлемде орындады.
"Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ еншілес кәсіпорны - "Тыныс" АҚ Қазақстанның 14 облысына, сондай – ақ Республикалық маңызы бар қалалар-Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін электр жетегі бар 1300-ден астам кресло-арбалар жеткізді. Кресло-арбаларды өндіру және жеткізу Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде ұйымдастырылған.
Отандық мүгедектерге арналған кресло-арбалар "Тыныс" зауыты конструкторларының әзірлемесі болып табылады және ересектер үшін де, балалар үшін де өндіріледі. Арбалар жоғары технологиялық аккумуляторлық батареялармен және жүріс қашықтығын 25 км-ден астам қамтамасыз ететін редуктор-мотормен жабдықталған, жүк көтергіштігі 140 кг-ға дейін (аналогтарда 110 кг-ға дейін), бұйымның жалпы салмағы 75 кг құрайды. Өндіріс кезіндегі қазақстандық қамту үлесі 75% - дан асады.
Осы жобаны іске асырудың әлеуметтік маңызы зор: бүгінде "Тыныс" АҚ жылына 5000 бірлік электр жетегі бар кресло-арбаларды шығара алады, ал бұйымдар "баға-сапа"критерийі бойынша шетелдік аналогтардан кем түспейді.