Көрмені аралау аясында шетелдік серіктестермен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді, сондай-ақ делегация «OTOKAR» түрік компаниясының, Чехияның «TATRA» көлік құралдарын өндіру компаниясының, «Калашников» концернінің стендтерін аралады.
«Рособоронэкспорт» компаниясының, «Уugoimport SDPR» сербиялық мемлекеттік қорғаныс компаниясының, «Мидивисана»ЖШҚ белорустық компаниясының және EDGE Group араб компаниясының өкілдерімен іскерлік келіссөздер жүргізілді. Өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестік қатынастарды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
IDEX-БАӘ Үкіметінің қолдауымен өткізілетін Таяу Шығыс және Солтүстік Африка аймағындағы ең ірі халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесі.