Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
30 наурыз 2021 жылы «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарының бірі - «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ құрылғанына 60 жыл толуын атап өтуде

Осы кезеңде кәсіпорын Қазақстан Республикасының өнеркәсібінде өзінің лайықты орынын алды.  Зауыттың сенімді және сапалы өнімдері мұнай-газ, энергетика және теміржол салаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп келе жатыр.

«ПАМЖЗ» АҚ қызмет етіп келе жатқан жылдарында елдегі ең ірі машина жасау кәсіпорындарының біріне айналды. Компания тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де серіктестер мен тұтынушылар тарапынан лайықты құрметке ие.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ компания  ұжымына жоғары кәсіби шеберлігі, ынтасы және өз ісіне беріктігі үшін ерекше алғыс білдіреді. Олардың арқасында «ПАМЖЗ» АҚ ел үшін стратегиялық маңызды міндеттерді орындай отырып, 60 жылдан бері ауыр өндіріспен айналысып келеді.

Құрметті зауыт қызметкерлері мен ардагерлері, «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ ұжымының мерейтойымен тағы да шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ-на жан-жақты көмек пен қолдау көрсетуге әрқашан дайын.

Кері қайту