Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Әділбек Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды

Бұған дейін Әділбек Зейноллаұлы «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған. Оның басшылығымен компания шығындарды оңтайландыру және сауатты қаржылық және стратегиялық менеджмент арқылы өз қызметін тұрақтандырып, 5 жыл ішінде алғаш рет таза пайдаға қол жеткізді. Компаниядағы салыстырмалы түрде қысқа жұмыс мерзіміне қарамастан, Әділбек Зейнуллаұлы компанияның қызметіне ғана емес, сонымен қатар азаматтық өндірісті дамытуға, сондай-ақ серіктестермен халықаралық байланыстарды нығайтуға үлкен көңіл бөле отырып, қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамытуға да үлкен үлес қосты.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ ұжымы Әділбек Зейноллаұлы Сәрсембаевты шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, жаңа жеңістер және барлық бастамаларда сәттілік тілейді!

Кері қайту