Түркияның ASFAT Inc. және YDA GROUP ірі компанияларының өкілдері Нұр-сұлтан қаласына іскерлік сапармен келді. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында "Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ мен ASFAT Inc түрік холдингі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
"Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ Төрағасы М.Ж.Керейбаев Холдинг Президенті Эсад Акгюнмен ASFAT Inc. және YDA GROUP төрағасы Хусейн Арсланмен бірқатар іскерлік келіссөздер өткізді. Келіссөздер аясында тараптар бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін бірлескен кәсіпорындарды құру туралы мәселелерін талқылады. Каспий теңізінің жағалауында кеме жөндеу зауытын салу, сондай-ақ пайдаланылмайтын оқ-дәрілерді кәдеге жарату орталығын салу мәселелері көтерілді. Қазіргі уақытта "Қазақстан Инжиниринг" ҰК " АҚ инвесторларды іздеу бойынша жұмыс жүргізуде.
Түрік серіктестері Қазақстанға сапар аясында қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорындарын, сондай-ақ әлеуетті бірлескен кәсіпорындар үшін орындарды аралады.
"Осындай келіссөздер екі тарап үшін де үлкен жемісті жұмыстың басы болатындығына үміттенеміз. Қазақстан біз үшін туған жер сияқты және осында пайдалы болуымызға өте қуаныштымыз", - деп атап өтті "ASFAT" Холдингінің президенті Эсад Акгюн.