Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания)
«Семей машина жасау зауыты» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2021 жылы
«19» мамырда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) сағат 11:00-де
www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын бағаны көтеруге арналған аукцион өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) және сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Бағаны көтеруге арналған аукционға қойылады:

Активтің атауы: «Семей машина жасау зауыты» АҚ (бұдан әрі - Актив) 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын.

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Активтің қызмет түрі: жоғары өтімді шынжыр табанды техниканы (ГТ-Т) және оның қосалқы бөлшектерін, темір жол көлігіне жинақтаушы бөлшектерін, сондай-ақ жалпы машина жасау өнімдерін, тіркеме техникасын, әртүрлі мақсаттағы металл құрылымдарын, бронетехниканың такелажды жиынтықтарын күрделі жөндеу; инженерлік техниканы күрделі жөндеу, дизельді қозғалтқыштарды құрастыру және күрделі жөндеу және т. б.

Активтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Глинка көшесі, 73 Г үй.

Активтің бастапқы бағасы: 1 040 186 814 (бір миллиард қырық миллион жүз сексен алты мың сегіз жүз он төрт) теңге.

Активтің акциялар пакетін сатып алу-сату Шартын жасасқан күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұзартуға жол беріледі. Төлемнің (транштың) бірінші бөлігінің мөлшері актив құнының 30 % - ынан (отыз пайызынан) кем болмауға тиіс және оны сатып алушы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төлейді. Сатып алушының активтің акцияларын сатып алу-сату шарты бойынша төленбеген ақшалай міндеттемелерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта ресми базалық мөлшерлемеге сәйкес индекстеуге жатады. Активтің акцияларын беру Ережелер мен шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

87 510 000 (сексен жеті миллион бес жүз он мың) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: аукционға қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі ретінде кепілдік қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Егер байқау жеңімпазы сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаса, сатушы кепілдік жарнасын қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – аукционның нәтижелерін белгілейтін құжат және жеңімпаздың және сатушының Активі сатуға арналған келісім-шартқа қол қою туралы міндеттемелерін орындауы.

Аукцион өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды анықтау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның көпшілікке қолжетімді www.gosreestr.kz сайтында жарияланған Регламентпен танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 69 55 99 (ішкі 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) алуға болады.

Кері қайту