Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания)
«Мұнаймаш» АҚ 30 % (отыз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2021 жылы «19» мамырда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) сағат 11:00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын электрондық конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) және сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрондық конкурсқа шығарылады:

Активтің атауы: «Мұнаймаш» АҚ (бұдан әрі-Актив) 30 % (отыз пайыз) жай акцияларын.

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Активтің қызмет түрі: Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық барлау бұрғылау жабдығын, қару мен оқ-дәрілерді өндіру.

Активтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, М.Әуезов көшесі, 264.

Активтің бастапқы бағасы: 455 198 000 (төрт жүз елу бес миллион жүз тоқсан сегіз мың) теңге.

Активті сатудың ерекше шарттары:

1)    «Мұнаймаш» АҚ қызметінің бейінін (мамандануын) сақтау;

2)    Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын «Мұнаймаш» АҚ қызметкерлерінің штат санының кемінде үштен екісінің сақталуын қамтамасыз ету;

3)    инвестициялардың көлемі, түрлері және мерзімдері бойынша міндеттемелер қабылдау «Мұнаймаш» АҚ;

4)    «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұрын «ҚДБ – Лизинг» АҚ) алдында қаржы лизингі шарты бойынша «Мұнаймаш» АҚ – ның «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ (бұрын «ҚДБ-Лизинг» АҚ) алдындағы міндеттемелерін орындау сәтіне дейін сатып алынатын акцияларды иеліктен шығармау туралы келісімге қол қою бойынша міндеттемелер қабылдау;

5)    сатып алушыға меншік құқығы өткеннен кейін күнтізбелік 12 ай ішінде мәмілелер жасауға (қайта сатуға, кепілге, басқаруға беруге және басқаларға) шектеу және (немесе) активке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу.

Активтің акциялар пакетін сатып алу-сату Шартын жасасқан күннен бастап 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде ұзартуға жол беріледі. Төлемнің (транштың) бірінші бөлігінің мөлшері актив құнының 30% - ынан (отыз пайызынан) кем болмауға тиіс және оны сатып алушы шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төлейді. Сатып алушының активтің акцияларын сатып алу-сату шарты бойынша төленбеген ақшалай міндеттемелерінің сомасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін қайта ресми базалық мөлшерлемеге сәйкес индекстеуге жатады. Активтің акцияларын беру Ережелер мен шарттың талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында таныса аласыз www.gosreestr.kz.

68 279 700  (алпыс сегіз миллион екі жүз жетпіс тоғыз мың жеті жүз) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, БСК: HSBKKZKX, ЖСК: KZ946017111000000330, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Төлем мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі ретінде кепілдік қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық – есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Егер байқау жеңімпазы сауда-саттық нәтижесі туралы хаттамаға қол қоймаса, сатушы кепілдік жарнасын қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық конкурс нәтижелерін белгілейтін құжат және жеңімпаздың және сатушының Активі сатуға арналған келісім-шартқа қол қою туралы міндеттемелерін орындауы.

Электрондық конкурс өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу тәртібі туралы, жеңімпазды анықтау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның көпшілікке қолжетімді www.gosreestr.kz сайтында жарияланған Регламентпен танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 69 55 99 (ішкі 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) алуға болады.

Кері қайту