Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
"Қазақстан Инжиниринг" ҰК АҚ Басқарма төрағасы "Түрік аэроғарыш корпорациясының" Бас директорымен кездесті

"Turkish Aerospace Industries" - бөлшектерді дайындаудан бастап ұшақтарды, дрондарды құрастыруға, ұшу сынақтарына жеткізуге дейін кең өндірістік мүмкіндіктері бар түрік аэроғарыштық компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуі компанияның кеңсесінде өтті.

Сапар аясында бірқатар қолданыстағы, сондай-ақ жоспарланған және перспективалық жобалар бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. "TAI" компаниясының президенті – Бас директоры Темель Котиль әңгімелесу барысында олардың негізгі мақсаты-Орталық Азияда сенімді стратегиялық әріптес табу екенін атап өтті. Түрік компаниясы өзінің өндірістік мүмкіндіктерімен таныстырып қана қоймай,авиация және ҰҰА жүйелері саласындағы бірқатар жобалар бойынша ынтымақтастыққа толық дайындығын білдірді. Кездесуге сондай ақ ҚР Түркия Республикасының Елшісі Уфук Экиджи және Түркияның әскери атташесі Фатих Пала қатысты.

Ресми келіссөздерден кейін Түрік делегациясының өкілдері зауыттың өндірістік мүмкіндіктері мен ауқымымен танысу үшін "Қазақстан Инжиниринг" ҰК "АҚ еншілес кәсіпорны -" Қазақстандық авиациялық индустрия " ЖШС-да болды.

Кері қайту