Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ministry Logo
Мәзір
"МАКС-2021": XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАЦИЯЛЫҚ-ҒАРЫШ САЛОНЫНДА ҚАЗАҚСТАН НЕ КӨРСЕТЕДІ

Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындары Ресейдегі ең ірі халықаралық көрме іс-шарасына қатысады және әскери, азаматтық авиация саласында өз өнімдерін ұсынады.

МАКС-2021 он бесінші халықаралық авиациялық-ғарыш салоны Мәскеу облысының Жуковский қаласында 2021 жылдың 20-25 шілде аралығында өтеді. Іс-шара әуе кемелерінің,жауынгерлік жүйелер мен эксперименттік қондырғылардың Ресейден тыс жерде ұсынылмайтын үлгілерін көрсетеді. Бұл алаңда ең үздік ресейлік азаматтық және әскери ұшақтарының "әлемдік премьералары", сондай-ақ соңғы шетелдік ұшақтардың тұсаукесерлік көрсетілімдері өтті. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ресей Федерациясы Индустрия және сауда министрлігі мен «Rostec» жоғары технологиялық өнеркәсіптік өнімдерді әзірлеуге, өндіруге және экспорттауға көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорация болды. Макс-2021 ұйымдастырушысы - "Авиасалон"АҚ.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК »АҚ-ның авиациялық жабдықтар мен бөлшектер шығаруға мамандандырылған жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындары МАКС-2021 көрмесіне қатысады және өз өнімдерін көрсетеді. Мәселен, "Тыныс" АҚ Көкшетау зауыты Ресей Федерациясына және ТМД елдеріне экспортталатын авиациялық өнімді ұсынады; "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС өндірілетін Н-145 тікұшағының макетін, сондай-ақ ұшу және техникалық құрамды оқытуға арналған жабдықты көрсетеді. Ерейментау "811 автожөндеу зауыты" АҚ өндірілетін өнімнің заттай үлгілерін ұсынады: пилотсыз ұшу аппараты негізінде әуе-мақсаттық тренажер және барлаушы-ұшқыш. “Қазақстандық авиация индустриясы" ЖШС ұшақтарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсынады, ал "Қазақстан ASELSAN инжиниринг" ЖШС қазақ-түрік компаниясы заманауи авионикамен жабдықталған тікұшақ кабинасының макетін ұсынады. Қазақстандағы ең ірі зауыттардың бірі "№405 авиажөндеу зауыты" АҚ құрастырылған, жөнделген және қызмет көрсетілетін тікұшақтардың макеттерін ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 2019 жылғы 27 тамыз бен 01 қыркүйек аралығында өткен XIV Халықаралық авиациялық-ғарыш салонына 578 мың 810 қатысушы мен қонақ келген болатын. Салон жұмыс істеген күндері жасалған келісімшарттар мен келісімдердің құны 250 миллиард рубльден асты, іс-шараның іскери әлеуеті 400 миллиард рубльге бағаланды. Көрме аясында қазақстандық тарап әлеуетті серіктестермен бірқатар кездесулер, сондай-ақ бірқатар келісімдер мен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қоюды жоспарлады.

Кері қайту