Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ОРАЛ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАРЫ ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ

"ГИДРОПРИБОР "ҒЗИ" АҚ және "Орал "Зенит" зауыты" АҚ қорғаныс-өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасын 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ағымдағы жұмыстардың жүргізілу барысымен және шаруашылық қызметінің нәтижелерімен таныстырды.

Жұмыс сапары аясында "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы М.Ж. Керейбаев кәсіпорындардың өндірістік қызметімен, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықталуымен танысты.

"Гидроприбор "ҒЗИ" АҚ теңіз және өзен катерлерін, жер үстінде, әуеде, су астында қолданылатын мобильді робототехникалық кешендерді, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларына арналған өнімдерді зерттеуге, жобалауға,  аз сериялы өндіруге және инжинирингке мамандандырылған. Кәсіпорынның деректері бойынша, 1 тамыздағы жағдай бойынша өнім өндірудің жылдық жоспары 71% - ға орындалды, оның ішінде қос және арнайы мақсаттағы өнім өндіру бойынша орындау 75% - ды құрайды. Кәсіпорын директоры ауыз су дайындауға арналған қондырғының тәжірибелік үлгісін көрсетті.

Кеме жасау және машина жасау саласында маманданған "Зенит" Орал зауыты" АҚ өндірістік қызметте оң динамиканы көрсетті. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өндіріс көлемі бойынша жоспар 213,7% - ға, ал іске асырудан түскен кіріс бойынша 214% - ға орындалды. Өнімдер мен қызметтерді шығару және сату жөніндегі жоспардың асыра орындалуы кеме жасау өнімдерін өндіру көлемінің ұлғаюымен, сондай-ақ азаматтық өнімдерді өндіру мен өткізудің қосымша көлемдерімен байланысты.

Екі кәсіпорын да "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ компаниялар тобының құрамына кіреді.

Кері қайту