Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ХАБАРЛАНДЫРУ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАҒА ИНВЕСТОР ІЗДЕУ БОЙЫНША КОНКУРСТЫ ӨТКІЗУ МЕРЗІМДЕРІН ҰЗАРТУ ТУРАЛЫ

010000, Қазақстан Республикасы, Нұр – Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12а мекенжайы бойынша орналасқан «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық Компаниясы» АҚ (бұдан әрі-Компания) осымен «Орта Дересін ауылындағы әскери қалашық объектілерін жобалау және салу» инвестициялық жобаны іске асыру үшін инвестор іздеу жөніндегі конкурс бойынша конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімдерінің ұзартылғаны туралы хабарлайды

1. Инвестициялық жобаның атауы: «Орта Дересін кентіндегі әскери қалашық объектілерін жобалау және салу»  (бұдан әрі – Инвестициялық жоба).

2. Нысанның орналасқан жері: Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы;

3. Инвестициялық жобаның құны: 32,5 млрд. теңге.

Түпкілікті құны инвестициялық жобаға жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленгеннен кейін айқындалатын болады.

4. Негізгі міндеттері:

1) Инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасына «Мемсараптама» РМК қорытындысын әзірлеу және алу;

2) Орта Дересін кентінде әскери қалашық объектілерін салу;

3) қажетті жабдықтарды сатып алу.

5. Инвестордың шығындарын өтеу: пайдаланылмайтын мүлікті (әскери мүлікті) сатудан түскен қаражат есебінен.

6. Инвесторды айқындау өлшемшарттарын белгілейтін заңды тұлғаларға (олардың бірлестіктеріне) қойылатын біліктілік талаптары:

1) Инвестициялық жобаны іске асыру үшін қажетті және «ВВ-» төмен емес халықаралық рейтингі бар банктердің хаттарымен расталған жобалау құжаттамасын әзірлеу жөніндегі жұмыстарға, жабдықтарға, құрылыс-монтаждау жұмыстарына тапсырыс беруге және басқа да шығыстарға ақы төлеуді қамтамасыз ету үшін қаржы қаражатының және қаржыландыру көзіне қолжетімділіктің болуы;

2) қару-жарақтың халықаралық нарығында қару-жарақты жеткізуге жасалған келісімшарттармен расталатын жұмыс тәжірибесінің болуы;

3) азаматтық және/немесе әскери мақсаттағы объектілерді жобалау және салу жөніндегі жұмыстарды орындауға жасалған келісімшарттармен расталатын объектілерді жобалау мен салуда тәжірибесінің болуы;

4) салықтық және кредиторлық берешектің болмауы;

5) әлеуетті инвестордың құқық қабілеттілігі.

7. Әлеуетті инвесторлардың конкурстық өтінімдерді беру тәртібі мен мерзімі: әлеуетті инвесторлардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, конкурстық өтінімдерді қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

Конкурстық өтінімдерді ұсыну мекенжайы: «Қазақстан Инжиниринг «Ұлттық Компаниясы» АҚ: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 12А, электрондық мекенжайы ke@ke.kz.

8. Инвестор іздестіру жөніндегі конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімді қамтамасыз ету «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ шотына кепілдік ақшалай жарна түрінде 3 000 000 000 (үш миллиард) теңге мөлшерінде енгізіледі (БСН: 030440000693, ЖСК KZ82914012203KZ00BMM, БСК: SABRKZKA, «Сбербанк» АҚ ЕБ (KZT), Кбе: 16) немесе «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-дан төмен емес халықаралық рейтингі бар банк шығарған банктік кепілдік беру BB -».

9. Инвесторды іріктеу шарттары мен тәртібі.

Қызығушылық танытқан жағдайда әлеуетті инвесторлар компанияға конкурстық құжаттаманы ұсынуға сұрау жібереді.

2021 жылғы 9 қазанда әлеуетті инвесторлардан конкурстық өтінімдерді қабылдау тоқтатылады.

Компания біліктілік талаптарына сәйкес келетін әлеуетті инвесторлардың атына коммерциялық ұсыныстар беру жөнінде сұрау жібереді.

Кері қайту