Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Қоғамдық кеңес құрамына үміткерлерді іріктеудің басталғаны туралы хабарлайды

Құжаттарды қабылдаудың басталу мерзімі: 16.03.2022 ж. 09:00

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу мерзімі: 02.04.2022 ж. 09:00

Қоғамдық кеңестің мүшелігіне он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы үміткер бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер бола алмайды :

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе жойылмаған соттылығы бар болса ;

2) сот заңда белгiленген тәртiппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн кiнәлi деп танылса;

3) психикалық, мінез-құлықтық бұзылуларға (ауруларға) байланысты, оның ішінде психобелсенді заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрса.

Байқауға қатысу үшін ұсынылады:

1) коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің мүшелігіне өзін үміткер ретінде ұсыну туралы өтініші;

2) өмірбаяндық деректері көрсетілген үміткердің кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолданумен байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген куәліктерді мемлекеттік органның немесе квази-мемлекеттік органның субъектісінің аталған куәліктерді сұранысы бойынша өз бетінше немесе жазбаша келісімі бойынша ұсынады.

Құжаттарды Нұр-сұлтан қаласы, Керей Жәнібек хандар көшесі, 12а, 606 каб.мекенжайына  немесе z.kumarova@ke.kz электрондық мекен-жайына жіберуі қажет.

Кері қайту