Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛҒАН H-125 "AIRBUS" ТІКҰШАҒЫН ЖЕТКІЗУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМГЕ ҚЫРҒЫЗСТАНДА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Бішкекте Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» қазақстандық компаниясы арасында Нұр-сұлтан қаласындағы зауытта өндірілген H-125 «Airbus» тікұшағын жеткізуге келісімге қол қою рәсімі өтті.

Қырғызстанға жеткізу 2022 жылдың жазында жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Тікұшақтың бұл модификациясы түрлі құтқару операцияларын жүргізу, су ресурстары мен елдің өрт қауіпті аудандарына мониторинг жүргізу, сондай-ақ қойылған міндеттерге сәйкес басқа да ұшулар үшін барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылатын болады.

Рәсімге Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Б.Э. Әжікеев, Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Р.С. Жошыбаев, Франция мен Германияның Қырғызстандағы Елшілері, сондай-ақ «Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» басшылары қатысты.

Қырғыз министрі осы келісімді жасасудың маңыздылығын атап өтіп, компания басшылығына дайындық жұмыстары үшін алғысын білдірді және екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, Қазақстан Елшісі екі ел мен қазақстандық-еуропалық компания өкілдерінің жемісті жұмысының нәтижесіне қанағаттанушылық білдірді, бұл жоғары деңгейдегі уағдаластықтардың айқын көрінісі.

Рәсімге қатысқан «Airbus» компаниясының негізгі өндірістік қуаттары орналасқан Франция мен Германия елшілері сатып алынатын тікұшақтың жоғары сапалық көрсеткіштерін атап өтіп, бүкіл Орталық Азия өңірінде осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына үміт білдірді.

Қазақстандағы өндіруші компанияның өкілдері халықаралық серіктестерден жаңа тапсырыстар түсуіне қарай өндірілетін тікұшақтар желісін кеңейтуге дайын екендіктерін білдірді.

"Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың және Францияның экс-президенті Николя Саркозидің бастамасымен 2011 жылдың сәуір айында құрылған бірлескен кәсіпорын. Жоба тепе-теңдік негізде жүзеге асырылады: 50% "Қазақстан инжиниринг "ҰК" АҚ және 50% "Airbus Helicopters"компаниясы. АҚ және 50% "Airbus Helicopters"компаниясы.

Кері қайту