Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қорғаныс министрлігінде қорғаныс өнімдерінің көрмесі өткізілді

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Инжиниринг кәсіпорындары өнімдерінің көрмесі және перспективалық жобалардың тұсаукесері өткізілді.

17-18 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісін өткізу барысында қорғаныс өнімдерінің көрмесі, сондай-ақ ҚӨК саласында перспективалы жаңа жобалардың тұсаукесері өткізілді.

Өткізілген іс-шара қорғаныс-өнеркәсіп кешенін қайта жүктеу контекстінде екіжақты қарым-қатынастарды дамытуда жаңа кезең болды. Көрмені Қорғаныс Министрлігінің басшылық құрамы тамашалады: Министр генерал-полковник Жақсылықов Руслан Фатихұлы, генерал-лейтенант Камалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлы, Ахмедиев Дархан және алқаның басқа да қатысушылары. Алқа мүшесі генерал-полковник Жасұзақов Сәкен Әділханұлы перспективалы жобаларға оң баға берді. Алқаға еліміздің әр түрлі гарнизондары мен аймақтарынан келген офицерлер құрамы үлкен қызығушылық танытты.

Көрмені өткізу барысындағы жемісті жұмыс ұсынылған өнімді одан әрі жеткізу қажеттілігі туралы шешімдер қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік берді: қорғаныс кәсіпорындарының өкілдері жергілікті жерде контсультация мен қажетті өнім туралы толық ақпарат берді. Бұдан басқа, көрмеге бірлесіп қатысу жаңа кооперацияларды қалыптастыруға және қорғаныс кәсіпорындары арасында жаңа жобалар мен өнімдерді әзірлеу саласында тығыз өзара іс-қимылды күшейтуге жемісті әсер етті. Осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу ҚӨК күш органдары мен кәсіпорындары өкілдерінің неғұрлым тығыз диалогына ықпал ететін болады, бұл қорғаныс саласын процестерді оңайлату жағына қарай трансформациялауға ықпал етеді.

Жаңа жобаларды іске асыруға белсенді әскери-техникалық ынтымақтастық, атап айтқанда, Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарына жақында бару үлкен серпін береді. "Қазақстан Инжиниринг" ҰК " АҚ мемлекеттік қорғаныс тапсырысын жоспарлау және орындау, сондай-ақ уақытпен бірге қадам басуға және еліміздің тиімді қорғанысын да, сондай-ақ біздің мемлекет экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қорғаныс саласын үдемелі дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа перспективалы жобаларды енгізу мәселелерімен байланысты қазіргі процестерді толық қайта форматтауға белсенді бағыт алады.

Көрмені ұйымдастыруға еншілес кәсіпорындар: "Қазақстан Аселсан Инжиниринг" ЖШС, "R&D центр Казахстан Инжиниринг" ЖШС, "Тыныс" АҚ, "С.М.Киров атындағы машина жасау зауыты" АҚ, "Гидроприбор" ҒЗИ " АҚ, "Зенит" АҚ, "Семей Инжиниринг" АҚ, "Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг" ЖШС, сондай-ақ "AG TECH" ЖШС, "SC TECH"ЖШС компаниялары белсенді қатысты.

Кері қайту