Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

«Қазақстан инжиниринг» АҚ жаңалықтары

«Omnipol» компаниясы бойынша пресс-релиз

Ұлы мерекелер қарсаңында біз чехиялық «Omnipol» компаниясымен әскери-техникалық және азаматтық салалардағы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Бұдан дейін Компания және оның еншілес кәсіпорны «Қазақстандық авиациялық индустрия» алдын-ала үлкен жұмыс жүргізді. «Omnipol» компаниясымен ынтымақтастық компанияға Қазақстан Республикасында L-410 көпфункционалды ұшақтарын, L-39NG оқу-жаттығу ұшақтарын құрастыру, оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша авторландырылған орталық құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар «Omnipol» компаниясының басшылығы «Қазақстан инжиниринг» компаниясы ұйымдастырған еңбек мен қарулы күштердің ардагерлерін құрметтеу жөніндегі салтанатты іс-шараға да қатысты.

Анықтама: Чехиялық «Omnipol» компаниясы қорғаныс және қауіпсіздік технологияларының ірі жүйелік интеграторы және жеткізушісі болып табылады. «Omnipol» компаниясы L-39, L-59, L-159 ұшақтарын шығаратын VODOCHODY AEROSPACE a.s. және L-410 сериялы ұшақтарды шығаратын AIRCRAFT INDUSTRIES авиациялық зауыттарының акционері болып табылады.

Тізіміне оралу