Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
2022 жылғы 22-23 қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының X Форумы өтеді

    каз баннер.jpeg

   2022 жылғы 22-23 қыркүйекте Қазақстан машина жасаушыларының X Форумы өтеді. Форумның тақырыбы: «Қазақстанның машина жасау саласы: Уақыттың жаңа талабы».

    Форум аясында машина жасау және металл өңдеу бойынша «Kazakhstan Machinery Fair 2022» екінші халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізіледі, онда «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ өз стендін ұсынады. Компанияның корпоративтік стендінде «Зенит» АҚ, «R&D орталығы Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «ЗиК» АҚ, «ҚАИ» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ, «Тыныс» АҚ, «811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «ҒЗИ «Гидроприбор» АҚ, «СМЗ» АҚ, «ПЗТМ» АҚ өнімдері ұсынылады.

    Форум машина жасау саласының өңірлік және халықаралық кәсіпорындары тап болып отырған сын-тегеуріндердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде өзін танытты, оның шеңберінде экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыру және жаңа экономикалық саясат тетіктері талқылануда.

    Форумның маңыздылығын өткізілген шаралардың нәтижелері дәлелдейді: 2021 жылы форум жұмысына Қазақстан Республикасынан, Германия Федеративтік Республикасынан, Италия Республикасынан, Австрия Республикасынан, Литва Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Украинадан, Өзбекстан Республикасынан, Чех Республикасынан, Корея Республикасынан және Түркия Республикасынан 1 200-ден астам делегат қатысты.

    Өтетін орны: EXPO халықаралық Конгресс-орталығы, Сауран көшесі, 44, Астана қ., Қазақстан Республикасы.

    «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ көрме стенді «ЭКСПО» ХКО-да (Стенд-Е1) орналасатын болады.

Х Форумға тіркелу - https://smkz.kz/registraciya/

    Тіркеу міндетті болып табылады, 2022 жылдың 16 қыркүйегіне дейін тіркеле аласыз (қоса алғанда).

    Қосымша ақпаратты тел.: +7 (7172) 79-27-95 (ішкі 211), 87015250876 және эл. мекен-жайы: a.koyshybayeva@smkz.kz және info@smkz.kz .

    Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан машина жасаушылар одағы, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен.

Сіздерді Форум қатысушыларының қатарынан көруге үміттенеміз.

Кері қайту