Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ЗиК» АҚ және «R&D Center KE» ЖШС Қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы инновациялық шешімдер мен жобаларды іздеу және қолдау бойынша байқаудың жүлдегерлері атанды

Ағымдағы жылдың 28-29 қыркүйек аралығында Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Digital Bridge 2022 цифрлық технологиялар және бизнес туралы халықаралық форум ұйымдастырды.

Осы іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-мен бірлесіп қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы технологиялық міндеттерге-Defense Tech жобаларының скаутингіне инновациялық шешімдер мен жобаларды іздеу және қолдау бойынша байқау жариялады. Байқауға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен технологиялық компаниялардың, студенттердің, инноваторлардың және жас ғалымдардың шешімдері мен жобалары қабылданды. Компания атынан «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ (Медео радиостанциясы), «Kazakhstan Aselsan Engineering» ЖШС (дрондарға қарсы мылтық), «R&D Center Kazakhstan Engineering» ЖШС (қашықтықтан басқарылатын модуль, радиобайланыстың мультипротокольдік жүйесі, тактикалық іс-қимыл симуляторы) қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ (1 орын) және «R&D Center Kazakhstan Engineering» ЖШС (3 орын) иеленді. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Бұл байқау алғаш рет өткізілді. Ол әскери қауіпсіздік саласындағы инновациялық шешімдер саласында өзінің әлеуетін арттыру қажеттігін, сондай-ақ осындай іс-шараларды тұрақты негізде өткізу қажеттілігін көрсетті. Өз кезегінде Компания өзінің құрылымына кіретін кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын беру арқылы әскери әзірлемелер мен шешімдердің отандық авторларын қолдауға дайын екенін хабарлайды.

Кері қайту