Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ алғашқы медициналық көмек көрсету курсын өткізді

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлерге қамқорлық жасауға ерекше көңіл бөледі. Компания басшылығы төтенше жағдайда көмек көрсетуге қызметкерлер әрқашан дайын болуы керек деп санайды. Осы мақсатта алғашқы медициналық көмек курстары өткізілді.

ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы ММ Астана қаласы бойынша филиалының шұғыл медициналық көмек көрсету бөлімінің қызметкері Нұрлан Ислямұлы Имамбаев қызметкерлерін оқыту мақсатында тиісті курстар өткізді.

Осы арнайы дағдыларды білу төтенше жағдайларда шешуші рөл атқаруы мүмкін. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде қауіпті қателіктер жібермеу үшін тиісті дайындықты өту керек. Қызметкерлерге жәбірленушіге шұғыл көмек көрсету бойынша қадамдық нұсқама ұсынылды және сыни жағдайлардың алдын алу бойынша мәселелер түсіндірілді.

Алғашқы көмек-бұл адамның өмірін сақтап қалуға, төтенше жағдайлар кезіндегі асқынулардың алдын алуға арналған шұғыл шаралар кешені. Мұндай тренингтер қызметкерлерді зардап шеккен адамның денсаулығы мен өміріне төнетін қауіпті азайту үшін шұғыл көмек көрсету ережелері туралы хабардар етуге көмектеседі.

Мұндай іс шараларды өткізуге мүдделі болған жағдайда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің поштасына хат жолдау қажет mchs@emer.kz.

Кері қайту