Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР Қарулы Күштерінің мемлекеттік әскери-тарихи мұражайы «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ және ҚӨК ұйымдарының қызметкерлері үшін экскурсия өткізді

2022 жылғы 2 желтоқсанда «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ және ҚӨК ұйымдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына барды.

«Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ қызметкерлерге қамқорлық жасауға ерекше көңіл бөледі. Компания басшылығы мұндай іс-шаралар корпоративтік мәдениетті дамыту үшін қажет деп санайды. Осы мақсатта «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ қызметкерлері мен еншілес компаниялардың өкілдері үшін экскурсия ұйымдастырылды.

Кәсіпорын қызметкерлеріне Қазақстанның әскери тарихын білдіретін бірнеше зал ұсынылды. Экспонаттардың ішінде сирек кездесетін және ерекше құнды тарихи және мәдени ескерткіштер, оқиғалардың құжаттары мен суреттері, әйгілі тұлғалар, тас дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі жауынгерлердің оқ-дәрілері мен қарулары бар.

Экскурсия «Қазақстанның әскери ісінің тарихы» бас залын аралаудан басталып, Мерзімді көрмелер залдарымен, ХХ ғасырдың әскери тарихымен, ХХ-ХХІ ғасырдың қаруларымен, Қазақстан Қарулы күштерінің тарихымен таныстырумен жалғасты.

Әр залда компания қызметкерлері әртүрлі дәуірлер арқылы әскери істің даму тарихына қол тигізуге мүмкіндік алды.

Экскурсияны ұйымдастыруға қызығушылық танытқан жағдайда ҚР Қарулы күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайына +7 (7172) 44-26-19 телефоны арқылы хабарласу қажет.

Кері қайту