Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ мен ҚӨК ұйымдарының қызметкерлері арасында «Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының Көрме-Спартакиадасы 2022» өтті

Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде 2022 жылдың 3-4 желтоқсанында кәсіпорын қызметкерлері арасында «Қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының Көрме-Спартакиадасы 2022» өтті.

Әрбір қатысушы команда өз өнімдерін көрмеге ұсынды, осылайша зауыт ұжымдары бір-бірінің өндіретін өнімдерімен таныса алады.

Сонымен қатар, барлық қызметкерлер футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі сияқты түрлі спорт түрлеріне қатыса алды.

Футболдан жарыста 1 орынды «АлмаДК» ЖШС қызметкерлері иеленді, 2 орынды «Тыныс» АҚ командасының өкілдері иеленді. 3 орынды «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ қызметкерлері жеңіп алды.

Айта кету керек, жарыс барысында ең белсенді көрермендер - Cuman брендімен «Digital System Servis» ЖШС қолдау тобы ерекше көзге түсті.

Волейбол жарысында «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ алтын медаль жеңіп алды. «Тыныс» АҚ қызметкерлері «күміспен» марапатталды. «811 Автожөндеу Зауыты» АҚ қызметкерлері «қола» алды.

Шахматта 1 орынды «Тыныс» АҚ, ал «Қазспецэкспорт» ШЖҚ РМК және «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ қызметкерлері иеленді 2 және 3 орындарда орналасқан.

Теннистен жарыста 1 орынды «Kazakhstan Paramount Engineering» АҚ, 2 орынды «Семей инжиниринг» АҚ, 3 орынды «Тыныс» АҚ иеленді.

Жеңіл атлетикада марапаттар бірнеше санатқа бөлінді: сәйкесінше 60, 100, 400 және 1500 метр.

60 метр қашықтықта «811 АРЗ» АҚ үздік, 2 орынды «Қазтехнологиялар» АҚ, 3 орынды «АРЗ-405» АҚ иеленді. 100 метрге жүгіруде әйелдер мен ерлер бөлісті. Әйелдер арасында «алтын» медаль «Авиажөндеу зауыты 405» АҚ, «күміс» «Қазтехнологиялар» АҚ, «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ иеленді.

Ерлер арасында 100 метрге жүгіруде 1 орынды «ҚАИ» ЖШС, 2 орынды «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ иеленді. 3-орынмен «Семей инжиниринг» АҚ марапатталды.

Ерлерде 400 метрге жүгіру үшін орындар осылайша бөлінді:

1 орын – «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ;

2 орын – «ҚАИ» ЖШС;

3 орын - «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ.

Әйелдер арасында 400 метрге жүгіру нәтижелері осылай ерекшеленді:

1 орын – «ҚИ 811 Автожөндеу Зауыты» АҚ;

2 орын - «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ;

3 орын – «Қазтехнологиялар» АҚ.

1500 метрге ең ауыр жарыста «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ әсіресе 1 және 2 орындарды бірден иеленді. Үшінші орынды «ҚАИ» ЖШС жеңіп алды.

Айта кету керек, «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ командалық рух пен серіктестікті компания қызметкерлері арасында ғана емес, ҚӨК ұйымдарының әріптестерімен де нығайта отырып, ұжымда бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан компания әр түрлі спорттық-бұқаралық іс-шараларды тұрақты негізде өткізуді қажет деп санайды.

«Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ басшысы Теміржан Әбдірахманов атап өткендей: «Бұл іс – шараның мақсаты-достық пен ұжымдардың бірлігі».

Кері қайту