Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
САУДА-САТТЫҚ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «Тыныс» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2023 жылы «07» ақпанда (Астана уақыты бойынша) сағат 12:00-де Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында басталатын электрондық конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы шешімімен (№6 хаттама) бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрондық конкурсқа шығарылады:

Активтің атауы: «Тыныс» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акциялары (бұдан әрі – Актив).

Активтің меншік иесі: «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы.

Активтің қызмет түрі: Өндіру және сату:

1) авиациялық техникаға тораптар мен агрегаттар өндіру;

2) жеке қорғану құралдары;

3) полиэтилен құбырлары;

4) газдана алатын үлгілер бойынша құю;

5) тоқылмаған материал (геотекстиль);

6) өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар.

Активтің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ы. Алтынсарин көшесі, 13 үй.

Активтің бастапқы бағасы: 5 004 188 020 (бес миллиард төрт миллион жүз сексен сегіз мың жиырма) теңге.

Активті сатудың ерекше шарттары:

1) «Тыныс» АҚ қызметінің бейінін (мамандануын) сақтау;

2) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын «Тыныс» АҚ қызметкерлерінің барлық штат санын сақтау;

3) «Тыныс» АҚ-да жұмыс орындарын сақтау немесе жаңаларын құру;

4) Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 36 (отыз алты) ай ішінде «Тыныс» АҚ-ның негізгі қарызын, негізгі қарыз бойынша сыйақы, айыппұл (өсімпұл, тұрақсыздық айыбы), дивидендтерді, басқа берешекті төлеу бойынша Компания алдында кредиторлық берешегін өтеу;

5) сатып алушыға меншік құқығы өткеннен кейін күнтізбелік 12 (он екі) ай ішінде мәмілелер жасауға (қайта сатуға, кепілге, басқаруға беруге және басқаларға) шектеу және (немесе) Активке қатысты белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу;

6) «Тыныс» АҚ-да ағымдағы жобаларды дамытуды жүзеге асыру;

7) қаржылық мүмкіндіктер болған жағдайда 2024 жылдың соңына дейінгі мерзімде «Тыныс» АҚ аумағында Сатып алушы «Тыныс» АҚ қызметкерлері үшін мынадай жылжымайтын мүлік объектілерін (тұрғын үй-жайларға қойылатын барлық санитариялық-эпидемиологиялық және өзге де талаптарды сақтай отырып) салуды жүзеге асыру:

  • сыйымдылығы жұмыскерлер (оқушылар) санына 50 адамнан кем емес оқу корпусы;
  • жатақхана (сыйымдылығы кемінде 100 адам, тұру үшін барлық жағдайларды қамтамасыз ете    отырып).

Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 24 (жиырма төрт) ай ішінде бөліп төлеуге жол беріледі. Бастапқы жарнаның мөлшері Активті сатып алу-сату шарты жасалған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде төленетін сатып алу бағасының 30 %-ынан (отыз пайызынан) кем емес. Одан кейінгі сомаларды енгізу кезінде, әлі енгізілмеген сомаларға сатушы (Компания) пайыздарды нақты төлем күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкасын негізге ала отырып есептейді.

Сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу тізілім веб-порталында хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Сауда-саттыққа қатысушыларға қойылатын талаптармен Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында таныса аласыз.

Актив туралы қосымша ақпаратпен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ (Сатушы) атына мына электрондық мекенжайларға ресми сұрау салу арқылы танысуға болады: ke@ke.kz, dkr@ke.kz. Сұрау салу электрондық конкурстың өтінімдерін қабылдау мерзімі кезеңінде қабылданады. Ақпарат құпиялылық туралы келісімге қол қою шартымен беріледі.

103 500 000 (жүз үш миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде кепілдік жарна «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есеп-шотына енгізіледі: БСН: 050540004455, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX. Төлем мақсаты: электрондық конкурсқа қатысу үшін арналған кепілдік жарна (кепілдік жарна мөлшеріне банктік қызметтерді төлеу кірмейді). Банк кепілдігі кепілдік ретінде қабылданбайды.

Кепілдік жарналардың «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ шотына уақтылы түсуі мақсатында кепілдік жарнаны өтінімдерді қабылдаудың аяқталуына дейін үш күннен кешіктірмей төлеу ұсынылады.

Электрондық конкурста жеңіске жеткен қатысушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қоймаған жағдайда сатушы кепілдік жарнаны қайтармайды.

Сауда-саттық қорытындылары туралы хаттама – электрондық конкурс нәтижелерін және жеңімпаздың және сатушының Активі сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қоюы бойынша міндеттемелерін орындауды белгілейтін құжат.

Электрондық конкурсты өткізу тәртібі, электрондық конкурсқа қатысуды ресімдеу тәртібі, жеңімпазды айқындау шарттары туралы ережелермен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ www.gosreestr.kz сайтында көпшілікке қолжетімді Регламентте танысуға болады.

Сауда-саттық туралы толық ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан немесе +7 (7172) 55-29-81 («АЕО» АҚ) және +7 (7172) 72 52 52 (ішкі 1957, 1610) («Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ) телефондары арқылы алуға болады.

 

Кері қайту