Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Халықаралық «IDEX-2023» қорғаныс өнеркәсібінің көрмесіне қатысу қорытындылары туралы

2023 жылғы 20-24 ақпан аралығында 16-шы Халықаралық «IDEX-2023» қорғаныс өнеркәсібінің көрмесіне (бұдан әрі – Көрме) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның (бұдан әрі – Компания) өкілдері барды. Бұл мемлекеттік ведомстволармен, кәсіпорындармен және қарулы күштермен қарым-қатынас орнатуға және нығайтуға арналған бірегей алаң.

Компания қызметкерлері Turkish Aerospace, Thales, Airbus Defence and Space, Embraer, Yugoimport және Sarsilmaz Silah Sanayi A. S сияқты халықаралық қорғаныс және азаматтық сала делегацияларымен кездесулер өткізді.

Тараптар ANKA-S ҰҰА жобаларын іске асыру, мылтық, оқ-дәрі және өлімге әкелмейтін қару өндіру бойынша технологиялар трансферті, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әскери-теңіз күштерінің кемелерін жаңғырту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, американдық, өзбек, әзірбайжан және басқа серіктестермен екіжақты ынтымақтастық мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Биылғы көрмеге қорғаныс және азаматтық өнеркәсіптің 1100-ден астам әр-түрлі өндірушілері мен мердігерлері қатысып, 12 көрме залы, зал және атриум арқылы өтетін 35000 шаршы метрден астам көрме алаңдарын алып жатты.

«IDEX-2023» -ке қатысу қорытындысы бойынша көрмеге қатысушылар тарапынан «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ -мен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылық байқалады.

Кері қайту