Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ бас директоры Сабанбаев Дуанбай Әубәкірұлы тағайындалды

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 24 ақпандағы шешімімен Дуанбай Әубәкірұлы Сабанбаев 2023 жылғы 2 наурыздан бастап «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ бас директоры болып тағайындалды.

Дуанбай Әубәкірұлы 1963 жылы Ерейментау қаласында дүниеге келген. Астана қаласының құрылыс техникумын «техник-құрылысшы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Алматы қаласының Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын «құқықтанушы-заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Машина жасау саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар: жұмыс көлемін жоспарлаудан, жобаларды жүргізуден және Қызметті ұйымдастырудан, құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын бақылаудан бастап «Семей инжиниринг» АҚ және «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ЛМЗ сияқты ірі кәсіпорындарды басқаруға дейінгі үлкен кәсіби жолдан өтті және басқалар.

2007 жылы «Еңбек сіңірген машина жасаушы» белгісімен марапатталған. 2019 жылы жоғары еңбек жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының «Еңбек Даңқы» 3 дәрежелі мемлекеттік наградасына ие болды.

Кері қайту