Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да машина жасау және металл өңдеу салаларындағы сараптамалық топтың отырысы өтті

Сараптамалық топ машина жасау және металл өңдеу салаларының жетекші компанияларының және ҚР машина жасаушылар одағының өкілдерінен тұрады. Оны «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов басқарады.

Отырыс шеңберінде Қазақстан Республикасында машина жасау және металл өңдеу салаларын дамыту үшін жағдайларды жақсарту бойынша түрлі мәселелер мен ұсыныстар ұсынылды. 

Бірінші кезекте Қазақстан Республикасында машина жасау және металл өңдеу салаларының алдында тұрған проблемалар талқыланды, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен отандық кәсіпкерлер кеңесіне шығару үшін сындарлы және практикалық шешімдер ұсынылды.

Кеңес Jinalys Room қазақстандық бейнеконференцбайланыс сервисі арқылы өткізілді. Сервис интерфейстің мемлекеттік тілін қолдайды және қазақстандық LMS-жүйелермен икемді интеграциялауға арналған. Серверлер Қазақстанда орналасқан, бұл қауіпсіздікті, жоғары сапа мен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Мүмкіндіктер:

  • Google Chrome және Safari браузерлері арқылы кез-келген құрылғыдан қосылыңыз;
  • Жазба мұрағатынан жазу және қарау;
  • Онлайн режимінде кеңестер, бейнеконференциялар, баяндамалар және топтық чаттар өткізу;
  • Active Directory және қазақстандық LMS-жүйелермен Интеграция;
  • Техникалық қолдау.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өз кезегінде басқа мекемелерді қазақстандық серверді пайдалануға шақырады. Сіз онымен мына сілтеме бойынша таныса аласыз: jinalysroom.kz.

Кері қайту