Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордың қоғамдық кеңестерінің қатысуымен диалог алаңы өтті

2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жаңартылған Конституция: ел дамуының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында онлайн-форматта (Zoom) диалог алаңын ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің, сондай-ақ басқа да орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, диалог алаңының жұмысына «Қазақстан инжиниринг «ҰК» АҚ, «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ және басқа да ұлттық компанияларды қоса алғанда, квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында елді дамытуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған конституциялық реформаларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасудың және мемлекеттік бастамаларды іске асырудың бірлескен тәсілдерін әзірлеудің тиімді құралы ретінде диалог алаңдарының маңыздылығын атап өтті.

Кері қайту