Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Арыс қаласында оқ-дәрілерді қауіпсіз кәдеге жаратуға арналған заманауи шешімдер таныстырылды

2023 жылдан бастап «Қазтехнологиялар» АҚ оқ-дәрілерді кәдеге жаратуға арналған жабдықтарды сатып алу және орнату жобалары аясында ITF Enhancing Human Security халықаралық ұйымымен ынтымақтастық орнатып келеді.

Серіктестіктің маңызды нәтижелерінің бірі ретінде ITF ұйымының қолдауымен құрамында гексогені бар оқ-дәрілерді кәдеге жаратуға арналған желі өтеусіз негізде жеткізіліп, монтаждалды. Жоба аясында Қоғамның оқ-дәрілерді кәдеге жарату учаскесіне құрамында гексогені бар танкіге қарсы миналар мен 23–30 мм калибрлі авиациялық оқ-дәрілерді кәдеге жаратуға арналған жабдықтар орнатылды.

2025 жылғы шілде айынан бастап Арыс қаласындағы оқ-дәрілерді кәдеге жарату учаскесінде аталған жабдықтардың көмегімен 23 және 30 мм калибрлі авиациялық оқ-дәрілерді кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде. Жобаны іске асыру кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, ITF ұйымымен ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарды.

2026 жылғы 9 маусымда оқ-дәрілерді кәдеге жарату учаскесіне АҚШ донорлық ұйымының, АҚШ Елшілігінің, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығының және ITF ұйымының өкілдері келді.

Сапар барысында делегация оқ-дәрілерді кәдеге жарату жобасының іске асырылу барысымен танысып, 23–30 мм калибрлі авиациялық оқ-дәрілерді кәдеге жаратуға арналған жабдықты, 55–152 мм калибрлі артиллериялық оқ-дәрілерді кәдеге жарату желісін және ауыр миналарды залалсыздандыру кешенін көрді.

«Қазтехнологиялар» АҚ Бас директоры Руслан Ахтанов жобаны іске асыру нәтижелерін таныстырып, кәсіпорынның демилитаризация саласындағы құзыреттерін жүйелі түрде дамытып, халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін заманауи технологияларды енгізіп жатқанын атап өтті.

Сапар қорытындысы бойынша делегация өкілдері 23–30 мм калибрлі авиациялық оқ-дәрілерді кәдеге жаратуға арналған жабдықтың тиімділігін, бірегейлігін және әлемнің өзге өңірлерінде қолдану әлеуетін жоғары бағалады.

Кері қайту