Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС-на Пәкістан Ұлттық қорғаныс университетінің делегациясы келді

2026 жылғы 23 маусымда «Қазақстан ASELSAN Инжиниринг» ЖШС-на Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті тыңдаушыларының делегациясы таныстыру сапарымен келді. Іс-шара Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастық жоспары аясында ұйымдастырылды.

Делегация құрамына Пәкістаннан келген әскери мамандармен қатар, Непал, Сауд Арабиясы және Нигерия мемлекеттерінен білім алушылар енді.

Сапар барысында шетелдік қонақтар кәсіпорынның қызметімен, өндірістік әлеуетімен және әскери әрі арнайы байланыс құралдарын әзірлеу мен өндіру саласындағы заманауи технологиялық шешімдерімен танысты. Сонымен қатар делегация өкілдеріне кәсіпорынның негізгі жобалары мен даму перспективалары таныстырылды.

Кездесу барысында қорғаныс-өнеркәсіптік кешенді дамыту, заманауи технологияларды енгізу және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ тараптар тәжірибе алмасу мүмкіндіктері мен кәсіби байланыстарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.

Мұндай сапарлар халықаралық диалогты дамытуға, серіктестік байланыстарды кеңейтуге ықпал етіп, қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық деңгейдегі әлеуетін айқын көрсетеді.

Кері қайту