2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда 2026 жылғы 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған Конституция күшіне енеді. Осы күннен бастап 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының қолданысы тоқтатылады. Бұл тарихи оқиға мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге және ұлттық институттарды нығайтуға бағытталған жаңа даму кезеңінің басталуын білдіреді.
Жаңа Конституция жаңартылған саяси-мемлекеттік модельдің құқықтық негізін қалайды. Елде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа институттар өз жұмысын бастайды.
Сонымен қатар, Конституция елдің негізгі заңы ғана емес, сонымен бірге қоғамды заң үстемдігі, әділдік, жауапкершілік және жасампаз еңбек сияқты ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін берік тұғыр болып қала береді. Дәл осы қағидаттар мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының негізін қалыптастырып, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтады және ауқымды ұлттық міндеттерді іске асыруға қолайлы жағдай жасайды.
Жаңа Конституцияның ережелері өнеркәсіп саласы үшін де ерекше маңызға ие. Бүгінде қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарының мыңдаған қызметкері экономиканы дамытуға, елдің технологиялық әлеуетін арттыруға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға күн сайын өз үлесін қосып келеді. Еңбек ету құқығына, қауіпсіз еңбек жағдайларына, әлеуметтік қорғалуға және еңбек адамына құрмет көрсетуге қатысты конституциялық кепілдіктер өндірістік саланың тұрақты дамуына берік негіз қалайды.
Мемлекеттік саясаттың тұрақтылығы қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындары, оның ішінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұйымдары үшін стратегиялық маңызға ие. Болжамды құқықтық орта өндірісті жаңғыртуға, инвестициялар тартуға, заманауи технологияларды енгізуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын нығайтады.