Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ӘАПК-ті қолдану тәжірибесі: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да оқыту семинары өтті

2026 жылғы 4 тамызда «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әскери департаменті «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін практикалық тұрғыда қолдану мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.

Іс-шара барысында қатысушылар әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру кезінде жиі кездесетін қателіктермен, олардың ықтимал салдарларымен танысып, сондай-ақ әкімшілік заңнама нормаларын қолдану барысында туындайтын практикалық жағдайларды қарастырды.

Осындай оқыту іс-шаралары қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға, заңдылық қағидаттарын нығайтуға және кәсіби қызметте әкімшілік заңнаманы тиімді қолдануға ықпал етеді.

Кері қайту