Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Солтүстік Қазақстандағы кәсіпорындар Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық орнатуға дайын

Қорғаныс министрлігі Қарулы Күштердің қажеттілігін ескере отырып, Петропавл ауыр машина жасау зауытымен және С.М. Киров атындағы зауытпен бірге келешектегі арнайы өнімді өндіру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев аталған зауыттар жұмысымен танысып, кәсіпорындар басшылығымен кездесті. Онда өндірістік қуат жүктемесін және өнім жеткізуді арттыру мәселелері талқыланды.

ПАМЖЗ – арнайы өнімнің, көпбейінді өндірістік қуаты бар мұнай-газ, энергетикалық және темір жол жабдығының қазақстандық өндірушісі саналады.

С.М. Киров атындағы зауыт электртехникалық өнімнің, байланыс құралдарының, қауіпсіздік жүйелері мен арнайы мақсаттағы өнімнің өндірісіне маманданады,-деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.

Кері қайту