Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Чех Республикасымен белсенді ынтымақтастық туралы

24 сәуірде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.А. Смайыловтың, сондай-ақ Чех Республикасының Премьер-министрі Петр Фиалудың қатысуымен қазақстан-чех ынтымақтастығы мәселесі бойынша бизнес-форумы өтті.

Іс-шара аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Т.К. Әбдірахманов Чехияның жетекші кәсіпорындарымен ағымдағы ынтымақтастық туралы баяндады.

Компания Omnipol және Primoco кәсіпорындарымен әуе құрылысы мәселесін белсенді түрде пысықтауда. Сонымен қатар, MSM GROUP-мен оқ-дәрілерді жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Skoda компаниясымен бірлесіп, жоғары деңгейлі жайлы троллейбустарды құрастыру жобасы пысықталуда.

Өз кезегінде Компания Қазақстан Республикасының Прагадағы елшілігіне екіжақты өзара іс-қимыл шеңберінде көрсетілетін белсенді қолдауы мен көмегі үшін ерекше алғысын білдіреді, сондай-ақ чех әріптестерімен кез келген өзара тиімді ынтымақтастық үшін өзінің дайындығын атап көрсетеді.

Кері қайту