Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Kazakhstan Aselsan Engineering» ЖШС оқушыларға арналған экскурсия

Шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәни атындағы № 85 мектеп-лицейінің оқушылары «Kazakhstan Aselsan Engineering» ЖШС-не экскурсия барысында өндірістік процесті көріп, қорғаныс өнеркәсібінің мамандарына сұрақтар қойып, инженерлердің жұмысымен танысты.

«Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС Қазақстан-Түрік зауыты электроптика, авионика және байланыс құралдарын өндіруге маманданған. Оқушылар кәсіпорынның тарихымен танысып, өндірілген жабдықты сынап көрді және инженерлерге сұрақтар қойды.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-ы болашақ кадрларды дамытуға үлкен көңіл бөледі және болашақ мамандарға практикалық тәжірибе беру үшін, оқу орындарымен ынтымақтасуға дайын. Компания техникалық мамандықтарды дәріптеу саясатын жүргізеді және мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқыту кезеңінде де студенттерді мақсатты оқытуды қамтамасыз ету жүзеге асыра отырып, кадрларды дамытуға ниетті.

Осы мақсатта, «Шебер Мұра» Қазақстан инжиниринг» Корпоративтік қоры құрылды. Қор қызметінің негізгі бағыты - ҚӨК ұйымдарының кадрлық әлеуетін осы саладағы мамандарды тәрбиелеу арқылы, оның ішінде «тәлімгерлік» институты арқылы дамыту, ҚӨК ардагер қызметкерлерінің тәжірибесі мен білімін жас мамандарға беру, сондай-ақ салаға жас мамандарды тарту.

Компания орта және жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ашық және техникалық мамандықтарды бірлесіп ілгерілетуге, ұрпақтар сабақтастығының үздік дәстүрлерінде тәжірибе алмасуға шақырады.

«Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ өндірістерде таныстыру экскурсияларын өткізуге өтінімдер қабылдайды. Мүдделі болған жағдайда www.ke.kz корпоративтік сайтында көрсетілген байланыстар бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Кері қайту