Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Omnipol» және «Czechoslovak group A.S.» компанияларымен ынтымақтастық

24 мамырда «Айдет» көрмесінде (Прага қ., Чехия Республикасы) «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Т.К. Әбдірахманов «Omnipol» және «Czechoslovak Group A. S.» компанияларының басшылығымен кездесті.

«Айдет» екі жылда бір рет өткізіледі және Орталық Еуропадағы ең ірі қорғаныс технологиялары көрмелерінің бірі болып саналады.

«Omnipol» компаниясының президенті Иржи Подперасымен кездесу аясында «Қазақстан инжиниринг» еншілес кәсіпорындарының бірінде чех өндірісінің ұшақтарына қызмет көрсету, құрастыру және баптау мәселесі талқыланды. Бұл авиациялық техника Қазақстан Республикасының аумағында жеке тапсырыс берушілерде, күштік ведомстволарда өзін дәлелдеді. Айта кету керек, құрастыру және сервистік процестерді ұлғайту «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындарына ТМД аумағында және Таяу Шығыста осы бағытта көшбасшы болуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, екіжақты өзара іс-қимыл және өнеркәсіптік кооперация шеңберінде «Czechoslovak Group A.S.» Директорлар кеңесінің төрағасы Михаль Стрнадпен келіссөздер жүргізілді. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен «MSM Group Kazakhstan» (Czechoslovak Group A.S. еншілес ұйымы) арасында бірқатар әскери жабдықтарды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өту маңызды.

Компания чех серіктестерімен одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді.

Кері қайту