Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-жарақ және технологиялар көрмесі

2020 жылғы 28-31 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында VI Халықаралық «KADEX -2020» қару-жарақ пен технологиялар көрмесі өтеді. Он жылдық тарихы ішінде KADEX қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және ақпараттық қауіпсіздік салаларындағы соңғы жетістіктерді паш ететін әлемдегі ең бір жетекші көрме алаңына айналды. Оның негізгі тақырыптық бөлімдері:

  • Құрлықтағы техника мен қару-жарақ
  • Азаматтық және әскери авиация
  • Әскери-теңіз техникасы мен қару-жарағы
  • Ғарыштық технологиялар мен IT-шешімдер
  • Инженерлік-техникалар мен тылдық қамтамасыз ету

Биыл әлемнің 35 елінен шамамен 350 қатысушы келеді деп күтілуде. 

Көрменің ұйымдастырушылары: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Қорғаныс министрлігі, «Қазақстан инжиниринг»  ҰК» АҚ және «Қазарнаулыэкспорт» РМК. Толығырақ мына сілтемеде: https://kadex.kz/

Кері қайту