Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Сұхбат: «Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту қорын құру туралы»

Сұхбат алушы Орманбетова Камилла

1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін нығайтуға баса назар аударды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚӨК-тің дамуы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Бұл ретте, ең маңызды міндет: импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретін жергіліктендірудің жоғары үлесі бар өндіріс циклін құру болып табылады.

ҚӨК саласындағы отандық кәсіпорындардың қаржыландыруда мәселелер бар екендігін бәріне мәлім. Қаржыландыру және даму институттары әскери-өнеркәсіптік зауыттарға несие бермейді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Президенті біздің кәсіпорындарды тікелей қаржыландыру тетігін құру мақсатында ҚӨК-ті дамытудың арнайы қорын құруды ұсынды.

Қорға және оны құруға қатысты сұрақтарға «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың Басқарушы директоры Иса Қайрат жауап берді.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазіргі заманғы технологияларды трансферттеу және жаңа өндірістерді оқшаулау жөніндегі жұмысты жалғастыру керек. Отандық кәсіпорындарды тікелей қаржылық қолдау тетігі қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың арнайы қоры (ҚӨКДҚ) болады», - деп жеткізді. Бұл нені білдіреді?

- Біздің холдингтің зауыттары қазіргі заманғы технологияларды трансферттеумен белсенді айналысады және жаңа өндірістерді оқшаулауды жүзеге асырады, тиісінше мемлекеттің қолдауымен бұл жұмыс тиімдірек болатыны сөзсіз.

Өкінішке орай, біз көптеген жылдар бойы жаңа жобаларға, жергіліктендіруді арттыруға және ҒЗТКЖ-ға қаржыландыру ала алмадық. Мысалы, Өнеркәсіпті дамыту қоры өзінің жарғысына сәйкес қару өндіруге қатысты жобаларды қаржыландыра алмайды, «Даму» Қоры квазимемлекеттік компаниялармен жұмыс істемейді, ал коммерциялық банктердің несиелері бойынша ставкалар – шамамен 20%, бұл ретте МҚТ және ҚӨК туралы заң нормаларына сәйкес ең жоғары рентабельділік деңгейі – 20%-дан аспайды. Сонымен қатар, бұл ұйымдар халықаралық капитал нарықтарында жиі эмитенттер болып табылып, еурооблигациялар шығару арқылы қаржы институттарының қаражатын тартады. Халықаралық қаржы ұйымдары қару-жарақ өндірісі саласын, осы салаға тікелей немесе жанама байланысты жобаларды қаржыландыру мәселелеріне ерекше назар аударатындығын ескере отырып, инвесторлар мен шетелдік капиталға қол жетімділікті шектей алады.

Арнайы қор құру туралы жаңалық бізді өте қуантты, себебі оның арқасында біз енді өнеркәсіпті, ғылымды, жаңа жобаларды дамытуға, техниканы жедел жөндеу бойынша өндірістік қуаттарды нығайтуға және отандық кәсіпорындарымызды қолдауды күшейтуге көбірек инвестиция сала аламыз.

Мемлекеттік қаржыландырусыз, өкінішке орай, сол ғылымның белсенді дамуын жүзеге асыру мүмкін емес. Қару-жарақ пен әскери техникаға қатысты жобаларға жеке инвестициялар өте сирек келеді.

Біз өндірісті ел ішінде барынша шоғырландыруымыз керек, бұл жаңа жұмыс орындары мен технологияларды ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыру шарттарының біріне айналады. Сондықтан, ҚӨКДҚ - отандық ғылыми-техникалық әзірлемелерді дамыту және ҚӨК ұйымдарын жаңғырту үшін тамаша құрал болып табылады.

Қорды құрудағы «Қазақстан инжинирингінің» рөлі қандай?

- Біз уәкілетті мемлекеттік органның ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылатындықтан, сондай – ақ біз ҚӨКДҚ құруға мүдделі болғандығымыздан: біздің команда қорды құруға ең белсенді қатысады. Компания жұмыс істеген жылдары ҚӨК саласындағы мамандардың мықты командасы құрылды, олар Қор қызметінің әдіснамасы мен нормативтік құжаттарын дайындау кезінде өз тәжірибесі мен білімін қолданатын болады. Қор қызметінің нормативтік базасын құру үшін мамандар біздің зауыттардың практикалық тәжірибесін қолдануда.

Қор мен оның қызметіне қатысты қандай болжалдарыңыз бар? Сіз оны қалай елестетесіз?

- Осы тұрғыда «Қазақстан инжиниринг» Қордың қызметіне қатысты біраз болжалдары бар:

1. Қаржылық қолдау: «Қазақстан инжиниринг» ҚӨКДҚ-дан негізгі болжалдарының бірі кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін барынша дамытуға, олар үшін жеңілдікті мөлшерлеме бойынша қаржыландыру талап етілетін жаңа өнімдер мен шешімдерді әзірлеуге қол жеткізу болып табылады;

2. Ғылыми-техникалық әзірлемелерді дамыту: қор ғылыми-техникалық зерттеулерді қолдап, ынталандыра алады;

3. Өндірісті жергіліктендіру: маңызды міндет - жергіліктендірудің жоғары үлесімен өндіріс циклін құру. Қордың осы мақсатты іске асырудағы қолдауы өндірістік қуаттылықты нығайтуға және импорттық жеткізілімдерге тәуелділікті азайтуға көмектесе алады;

4. Елдің қорғаныс қабілетін ұлғайту: ҚӨКДҚ құру Қазақстанның қорғаныс қабілетін арттыруға да бағытталған. Қор елдің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға ықпал ететін жобалар мен бастамаларды қолдауға бағытталған.

ҚӨКДҚ арқылы қаржыландыруға ниетті жобалар бар ма?

- Біздің холдингтің құрылымында мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындаушы 11 кәсіпорны бар. Бүгінгі таңда Компанияда басымдық беретін перспективалы жобалар пулы бар. Құпия ақпаратты тарату шектеулерін ескере отырып, мен барлық жоспарлар мен жобаларды ашып айта алмаймын, бірақ жалпылап айтқанда мыналарды белгілеуге болады:

1. Біздің ғылыми орталықтың өндірістік алаңын жаңғырту және кеңейту жөніндегі жоба. Қазіргі уақытта пилотсыз аппараттар мен басқа да техниканы құрастыру шағын алаңда жүргізіліп келеді. Кәсіпорынның көлемі мен айналымы өсіп келе жатқандықтан, оны кеңейтіп, оған өзіндік зертхана мен көптеген жабдықтар алу қажет. Өндірістік алаң мен зертхананы кеңейту инновациялық өнімдерді тиімді әзірлеуге және шығаруға мүмкіндік береді;

2. Өндірілетін өнімнің номенклатурасын кеңейту мақсатында құжаттаманы сатып алу (технологиялар трансферті) - артиллериялық оқ-дәрілерге арналған корпустар шығару, сондай-ақ оларды дайындау бойынша жаңа зауыт салу;

3. Күштік ведомстволар мен жеке азаматтық ұйымдардың теңгеріміндегі ұшақ техникасын жөндеу мен қызмет көрсетудің жаңа түрін игеру;

4. Қажетті шикізатты өндіру үшін жаңа өндірістік база құру жобасы.

Осы жобалардың барлығы отандық қорғаныс өнеркәсібін дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ұлттық экономиканы дамытуға ықпал ететінін тағы да атап өтемін. Олар сондай-ақ Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтуға және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне ықпал етуге көмектеседі.

Рахмет!

Кері қайту